Қазақстандықтарды өз еріктерінен тыс психиатриялық тіркеуге қойып жатыр
321
Қоғам белсенділері адамдарды психиатриалық тіркеуге дұрыс қоймау жағдайлары туралы айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 31- арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
“Осындай есепте тұрған әрбір адамға мемлекеттік қаржыландыру қарастырылған. Мұның себебі осы. Екінші мәселе – бұл есептен шығару мәселесіндегі сыбайлас жемқорлықтың болу мүмкіндігі”, – дейді "Қорғау HR" қоғамдық қорының сот істері жөніндегі заңгері Тамара Симахина.
Tengrinews порталына Алматыда, Семейде, Қарағандыда психиатриялық есепке негізсіз тіркеу фактілері туралы қоғам белсенділері берген пікірлерінде мұның жұмысқа тұру барысында немесе көлік жүргізуші куәлігін рәсімдеген кезде біледі.
Денсаулық сақтау министрлігінде бір науқасты емдеуге жылына қанша ақша бөлінетіні туралы ақпарат берілмейді. Алайда Қарағанды облысының психикалық денсаулық орталығында осы жылдың тоғыз айында мыңға жуық адам есептен шығарылғанын, ал қазір 29 мың адам тұрғанын айтты. Егер науқастың жағдайы бірқалыпты болса, жақсарса, бақылау тоқтатылады. Бұл шешімді емдік-консультациялық комиссия қабылдайды, олардың құрамына кем дегенде үш психиатр кіреді.
Қарағанды облыстық психикалық денсаулық орталығының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Дина Жакиленова кейбір жағдайларда ДКК пациентті стационарлық тексеруге жібереді, дейді.
“Науқасты аурухана жағдайында бақылау қажет болатын кейбір жағдайлар болады. Энурез, энкопрез сияқты белгілер адамға бір қарап байқалмайды”, – дейді ол.