ӨЗГЕРІСТЕР ӨЗЕКТІЛІГІН КӨРСЕТТІ
164
Қоғамның талабына сай қолданыстағы заңнаманың өзгеріске ұшырап отыруы заңды процесс әрі өзекті мәселе, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қылмыстың артуы, ауыр зардаптардың жиі орын алуы, кінәлілердің жауаптылығының жеткіліксіздігі секілді мәселелер реттелуі үшін, алдымен заңнамаға өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ ҚРЗ ҚР заңымен қолданыстағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірқатары үшін жауаптылық қатаңдатылды.
Мысалы, мал ұрлығы ауыр зардаптарымен ерекшеленеді, одан басқа, қол сұғушылық нысанының қолжетімділігі мен дәлелдеудің күрделі процедурасы, басым жағдайда кінәлілерді әшкерелеуде қиындық туғызады. Онымен қоса, қылмыскерлерге жеткіліксіз жауаптылықтың көзделуі белгілі бір дәрежеде жазаланбаушылық көзқарас туындатты. Сондықтан болар жалпы қоғамның пікірі ескеріліп аталған қылмыстардың алдын алу мақсатында соңғы өзгерістермен мал ұрлығы үшін жауаптылық қатаңдатылды.
Енгізілген өзгерістерде мал ұрлығы арнайы баппен сараланды. Енді мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлығы үшін кінәлі адамға мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделді. Осыған дейін бұл қылмыстар «ұрлық» ретінде сараланып келді және өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық үшін мүлкі тәркіленіп, максималды жаза бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген еді. Бұл ауырлығы орташа қылмыстар санатына жататын, салдарынан кінәлі адамның жәбірленушімен татуласып, жауаптылықтан босатылу мүмкіндігі болды. Енді мұндай қылмыстар ауыр қылмыс болып саналады және жәбірленушімен татуласқанның өзінде сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатпайды.
Одан басқа, Қылмыстық кодекс 299-1-баппен толықтырылды, яғни «Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау», ол үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделді.
Көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқарушыларға қатысты қылмыстық жауаптылық қатаңдатылды.
Атап айтсақ, өзгерістерге дейін, көлік жүргізушісі масаң күйде болып, жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адам денсаулығына қылмыстық залал (денсаулығына орташа не ауыр зиян, адам қазасы) келтірсе, оның әрекеттері ҚК-тің 345-бабымен сараланатын. Жүргізушінің масаң күйі жауаптылығын ауырлататын мән-жай ретінде танылатын және мұндай қылмыстар абайсызда жасалған құқық бұзушылықтар ретінде қаралды.
Өзгерістерден кейін, Қылмыстық кодекс жаңа баппен толықтырылып, алкогольдік, есірткілік немесе уыт құмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы 345-1-баппен сараланатын болды. Енді бұл құқықбұзушылық әрекеттер ҚК-нің 22-бабының талаптарына сәйкес қасақана жасалған қылмыстар болып табылады. Қылмыстық әрекеті салдарынан абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне ұшыратса, арнайы құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза көзделеді.
Мұндай өзгерістерге қоғамдағы көлік жүргізумен, оның ішінде масаң күйде басқарумен байланысты құқық бұзушылықтардың азаймауы, орны толмас ауыр зардаптарға соқтыруы негіз болды. Масаң күйде көлік жүргізушілерге қатысты ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінің санкциясы біршама қатаңдатылды. Енді көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы ауырлығы орташа қылмыстар қатарына жатқызылды. Ол үшін көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделді. Бұрын аталған құқық бұзушылық қылмыстық теріс қылық қатарында есептелді әрі кінәлілердің сот үкімінен кейін де құқық бұзушылықтарын жалғастыруы азаймады. Өзгерістерден кейін сот тәжірибесінде, мұндай қылмыстар үшін қоғамнан оқшаулап бас бостандығынан айыру жазасы кеңінен қолданылуда.
Жәбірленушінің жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстар үшін де жауаптылық күшейді. Мысалы, өзгерістерге дейін, зорлау қылмысы үшін үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған болса, енді, бұл қылмыс үшін сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделді. Сонымен қатар, аталған ҚК-нің 120-бабы 3-2-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен толықтырылып, оған сәйкес екі және одан көп кәмелетке толмаған адамдарға қатысты жасалса, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан жағдайда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланатын болды.
Сонымен қатар, қоғамда құқық бұзушылықтың қылмыстылық сипатының жойылуы немесе жауаптылықтың туындауын қажет етпейтін оқиғалар да орын алып жатады. Соңғы өзгерістермен, қылмыс үшін жауаптылықтың қатаңдатылуымен қатар бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін ізгілендіру де орын алды. Оның бірі ретінде, ҚК-тің 68-бабына сәйкес, сотталушының жәбірленушімен татуласуы арқылы жауаптылықтан босатылу негіздері көрініс тапты.
ҚК-нің 68-бабының 4-бөлігінің 3) тармағына сәйкес, абайсызда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасау жағдайына байланысты қылмыстар үшін кінәлі тұлғаның жауаптылықтан босатылуы қарастырылды.и Бұл норма өте орынды, себебі, тәжірибеде, көлік құралын тізгендей алмай, жолдан шығып кету немесе аударылуы салдарынан жақындары қаза табатын жағдайлар кезедеседі. Бұлар негізінен абайсызда жасалатын қылмыстар, көлік жүргізушісі жақын туыстарынан айырылады, сондықтан оған қатысты жауаптылықтан босату мүмкіндігінің қарастырылғаны негізді. Себебі, өзгерістерге дейін айтылған норма қазаға ұшыратумен байланысты емес жағдайларда ғана қолданылатын.
Аталған өзгерістер қоғамдағы қылмыстылықты азайтуға, алдын алуға, әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыруға бағытталған.
А.БАЛМҰХАНОВ