«1 қыркүйектен бастап локдаун жарияланады»: комитет ресми мәлімдеме жасады

328

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттiгi turkystan.kz. агенттiгiне сiлтеме жасап.

 Фото: moldova.europalibera.org


Желіде тараған мәліметте Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, 1 қыркүйектен бастап локдаун жарияланатыны жазылған.


«Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шетелдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантин шараларын күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазір карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ», – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.