Шымкент әкімі митингке қатысқандардың әрбіріне 50 мың теңгеден берілгенін айтты
751
Мұрат Әйтенов бүлікшілер бірнеше жыл бойы әбден дайындалған және қаланың бүкәл схемасын әбден меңгерген топ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, митингке шыққандардың әрбіріне 50 мың теңгеден таратылған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер жеке өзіне қоқаң-лоққы көрсеткенін айтты. Тіпті террористер рация арқылы генералдың атын жамылып, тәртіп сақшыларына оқ жаудыруды бұйырған деп отыр.
Шымкент әкімінің мәліметінше, лаңкестер биліктегілердің үйіне дейін біліп алған. Ал өзіне отбасын алға тартып, қорқытқан. Бұл туралы бүлікшілер рациямен байланыс кезінде айтып, өз талаптарын қойыпты.
"Билікті тапсыруымды, барлық қарулы күштерді шегіндіріп, өздерінің жағына өтуіне бұйрық беруімді талап етті. Бұл террористер айлар, жылдар бойы арнайы дайындалған топ дер едім. Олар арнайы күштердің жүріп-тұру схемасының бәрін білген. Оперативті штабтың қайда орналасқанына дейін біліп отыр. Бұл топ арандату арқылы тұрғындарды ереуілге шығуға шақырған. Тіпті жол бойында көліктерді тоқтатып, ондағыларды күштеп шығарған. Қалада жүрген жас азаматтарды да өздерінің қатарына қосқан", — деді Мұрат Әйтенов.
Арандатушылар осылайша адам санын көбейтіп, бейбіт тұрғындарды ереуілші топтың алдыңғы қатарына шығарыпты. Осылайша өздері қорғанып, оларды пайдаланған.
Тіпті митингке шыққандардың әрбіріне 50 мың теңгеден берілген, есірткі дәрілері таратылған деген жедел ақпарат бар,-
деді ол.
"Бұл топтар рациялары бар арнайы көліктерімізді басып алып, барлық күштік құрылымның әрекетін тыңдап отырған. Тіпті рация арқылы генерал мен әкімнің атын жамылып, жаппай оқ жаудыруды бұйырды. Біз мұны ести сала шұғыл түрде командирлерге қару қолданбау, оқ атпау қажеттігін ескерттік", — деді Шымкент басшысы.
Мұрат Әйтенов бүлікшілер алдымен әкімдікті, кейін Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қалалық департаменті ғимаратын басып алуды көздеген деп отыр. Содан кейін тергеу қапасына бармақ болыпты. Қамаудағылардың бәрін бостандыққа шығарып, соңынан қаланы тонауды жоспарлаған көрінеді.