"Синий кит" арнасының авторы 9 жылға соттады

1 115

Фото: Новосибирск сот басқармасыРесейде "Синий кит" арнасының авторы Илья Погибалов 9 жылға соттады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Погибалов өз кінәсін толық мойындады. Погибаловқа өз-өзіне қол жұмсауға итермелеуге бағытталған әрекетті ұйымдастыру, интернеттегі топ арқылы кәмелетке толмағандарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу және кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға тарту баптары бойынша айып тағылған. 

Тергеу нұсқасы бойынша, 2023 жылы Погибалов басқа адамдардың өліміне деген патологиялық қызығушылығының нәтижесінде "Синий кит" арнасын құрған. Ол арнасының жазылушыларын "өз-өзіне қол жұмсауға дайындау үшін арнайы тапсырмалар орындауға" итермелеген. Айыптауға сәйкес, Погибалов өз құрбандарын суицидке дейін жеткізуді мақсат еткен.

Погибалов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса төрт жыл бойы кез келген интернет-ресурсты басқаруына тыйым салынды.