ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНІМІ ҚАШАН ЖАРЫҚ КӨРЕДІ?
1 710
Шыны зауытының өнім шығармауының басты себебі пештің жарамсыздығы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Облысымыздағы индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында жүзеге әлі күнге дейін асырылып келе жатқан – Шыны зауыты. Бәсекеге қабілетті өнім шығаратын, еліміздің және өңір экономикасын дамытуға тың серпін беретін жобаның әлі күнге дейін бір өнімнің шыққанын Сыр жұртшылығы көре алмауда.
«Шыны зауыты құрылысын аяқтауымыз керек. Өндіріс орнының аумағында өз деңгейіндегі өндіріс орны мен бизнес-класстерді дамыту бағытында қолайлы жағдай жасалуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы да алаңдайтынын білдірген жоба болса да өңірлік биліктің шыдамдылығына тәнтіміз.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Сыр елінде қанша жылдан бері күткен қуаныш ұзаққа созылмады. Себебі іргетасы қаланғалы жұрттың талқысында жүрген қаламыздағы шыны зауыты жұмысын әлі күнге дейін бастамады.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың 8-желтоқсанында «Шыны зауытының» алау отын жаққан қос шенеунікті Қызылорда облысының әкімдігі «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 600 ТОННА ШЫНЫ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ» деп жарияға жар салған болатын. Алайда, шыны зауытының өнімін жергілікті халық үшін бұлыңғыр болашақпен пара-пар болып отыр.
Ең қызығы Шыны зауытының өнімін көрмей жатып, зауыт айналасына шағын және орта кәсіпкерлікті салуды жоспарлап үлгеріпті. Тіпті жаңа өнім шығаратын 8 кәсіпорын ашуға мүмкіндік туғандығы тағы бар.
Айта кету керек, «Шенеуніктер отын жаққан зауыттың өнімі қайда?» атты мақаламызда жариялағандай балқыту пешінің техникалық іске қосу барысында ақаулар пайда болып, пеш жарамсыз болған. Содан тапсырыс беріліп, берілген уәде бойынша шілде айында бірінші өнім шығатындығын атап өткен «Orda Glass ltd» ЖШС-нің басшысының берілген уәдесінің аяқталуына тура бір ай уақыт қалғандығы да жасырын емес. Десек те, пештің ахауына байланысты алдағы айда шыны өндіретініміз күмән тудыруда.

«Алғашқы сынама шыны биылғы жылдың екінші жарты жылдығында шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 300-ден астам қызметшіміз бар. Зауыт толығымен табиғи газге қосылған. Жоба Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында орналасқан. Аталған индустриялық аймаққа орналасқан жобаларға қажетті тас жол, су құбыры, кәріз жүйесі, электр желісі, газ бен темір жол тұйығы толықтай бюджет есебінен жеткізілген»,- дейді Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Ринат Сұлтангереев.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ