ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНІМІ ҚАШАН ЖАРЫҚ КӨРЕДІ?
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Шыны зауытының өнім шығармауының басты себебі пештің жарамсыздығы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Облысымыздағы индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында жүзеге әлі күнге дейін асырылып келе жатқан – Шыны зауыты. Бәсекеге қабілетті өнім шығаратын, еліміздің және өңір экономикасын дамытуға тың серпін беретін жобаның әлі күнге дейін бір өнімнің шыққанын Сыр жұртшылығы көре алмауда.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Сыр елінде қанша жылдан бері күткен қуаныш ұзаққа созылмады. Себебі іргетасы қаланғалы жұрттың талқысында жүрген қаламыздағы шыны зауыты жұмысын әлі күнге дейін бастамады.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың 8-желтоқсанында «Шыны зауытының» алау отын жаққан қос шенеунікті Қызылорда облысының әкімдігі «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 600 ТОННА ШЫНЫ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ» деп жарияға жар салған болатын. Алайда, шыны зауытының өнімін жергілікті халық үшін бұлыңғыр болашақпен пара-пар болып отыр.
Ең қызығы Шыны зауытының өнімін көрмей жатып, зауыт айналасына шағын және орта кәсіпкерлікті салуды жоспарлап үлгеріпті. Тіпті жаңа өнім шығаратын 8 кәсіпорын ашуға мүмкіндік туғандығы тағы бар.
Айта кету керек, «Шенеуніктер отын жаққан зауыттың өнімі қайда?» атты мақаламызда жариялағандай балқыту пешінің техникалық іске қосу барысында ақаулар пайда болып, пеш жарамсыз болған. Содан тапсырыс беріліп, берілген уәде бойынша шілде айында бірінші өнім шығатындығын атап өткен «Orda Glass ltd» ЖШС-нің басшысының берілген уәдесінің аяқталуына тура бір ай уақыт қалғандығы да жасырын емес. Десек те, пештің ахауына байланысты алдағы айда шыны өндіретініміз күмән тудыруда.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
Қаз
Рус






