Шенеуніктер отын жаққан зауыттың өнімі қайда?
1 408
Қызылорда облысында салынып жатқан шыны зауыты туралы әңгіменің шыны қайсы, өтірігі қайсы екенін ел айырудан қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда шыны зауытын салу туралы бастама 2012 жылы көтерілген болатын. Жалпы жобаның құны шамамен 150 миллион АҚШ долларын құраған. Өңіріміздегі өндірілетін өнімдердің негізгі артықшылығы – қалыңдығы 0,15 мм тегіс және оптикалық бұрмалануы төмен шыны болып табылады. Десек те, 2017 жылдан бастау алған Қызылорда шыны зауыты қазақстандықтарды отандық айна мен шыны ыдыстарға қол жеткізетін болады. Осы орайда Қызылорда қаласынан Шыны зауыты қолға алынған. Ал, ресми ақпаратты «Қызылорда облысындағы шыны зауыты келер жылы толығымен іске қосылатын болды және де өндіріс орны жанынан қосымша іліспе 8 зауыт ашу жоспарда бар. Оның үшеуі бойынша кәсіпкерлермен келісім бар. Шыны зауыты өңір, тіпті ел үшін маңызды кәсіпорын болып тұр»,- деп 2020 жылдың жаңалығы болып, елді елең еткізген облыс әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы –ның айтқан сөзін жел әкетті ме? Берілген уәде қайда? Айтылған сөз атылған оқ пен тең демекші, әкім ханымның ашылады дегеніне тура 1 жыл өтті. Көптен күткен ірі жобаның жүзеге аспай, аяқ асты қалуына не себеп? Шыны зауытының ашылмауына не кедергі?
Осы орайда, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы
Бір емес бірнеше облыс әкімдігінің жыры болған шыны зауытының өндірісі облысқа ғана емес, ел экономикасына да ауадай қажет деген әкімдіктің қарасы да көрінбейді. Расында, іргетасы қаланғанына 10 жылға жуықтаған зауыттың, өңірлік биліктің тұтқасын ұстаған әкімдеріміздің басты ұранына айналған «Шыны зауыты» ашылады дегеніне де, міне 5 жылға жуықтап отыр. Қызылордадағы шыны зауытының 2021 жылы пайдалануға берілетінін шегелеп айтқан Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының жариялап жаққан оты көзбояушылық болғаны ма?
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысындағы шыны зауытының күйдіру пеші іске қосылды, деп жарнамалағаны бос әурешілік пе? Аймақтағы ауқымды жобалардың ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен сол кездері облыс әкімі болған Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, зауыттың жұмысына сәттілік тілегенін де жұртшылық әлі ұмыта қоймады.
Ел экономикасына ауадай қажет, бірақ бірнеше жылдан бері «әне-міне, боп қалды» деумен үзіліп-созылып келе жатырған жоба талай басшының бас ауруы болып тұрғандығын байқадық.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың аяғында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің басқарма төрағасы:
Тым ұзаққа созылған жобаның жағдайын Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі Қызылорда облысы әкімін орнынан тұрғызып, «зауыт қайда?» деп сұрағандығын да елдің бәрі біледі емес пе?
Астананың 20 жылдық мерей тойына шыны зауытының өнімдері тарту етіледі деген қаңқу сөздерге билік басындағы атқа мінер азаматтарымыз да шыны зауытының шырғалаңымен жүргендеріне де біршама уақыт өтті. Жұртшылықты әбігерге салған зауыттың ашылуын енді қашанға ысырып отыр екен?
Соңғы ақпараттарға сүйенсек әлі күнге дейін жалғау жұмыстары жүріп жатқан зауыттың өнімін көру тағы да кейінге шегерілген сыңайлы.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Шыны зауыты құрылысының 70% аяқталған, қажетті құрал-жабдықтар орнатылған. Тек балқыту ваннасы мен күйдіру пешін салу жұмыстары қалды. Бүгінде іске қосу процесі жүріп жатыр. Бұйырса мамандар келіп, толық тексеріс жүріп, өнім өндіруге кірісеміз», - деп мәлім еткен Сұлтангереев Ринат Қалдыбекұлы уақыт қажеттілігін алға тартқан болатын.
Бір емес бірнеше облыс әкімдігінің жыры болған шыны зауытының өндірісі облысқа ғана емес, ел экономикасына да ауадай қажет деген әкімдіктің қарасы да көрінбейді. Расында, іргетасы қаланғанына 10 жылға жуықтаған зауыттың, өңірлік биліктің тұтқасын ұстаған әкімдеріміздің басты ұранына айналған «Шыны зауыты» ашылады дегеніне де, міне 5 жылға жуықтап отыр. Қызылордадағы шыны зауытының 2021 жылы пайдалануға берілетінін шегелеп айтқан Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының жариялап жаққан оты көзбояушылық болғаны ма?
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысындағы шыны зауытының күйдіру пеші іске қосылды, деп жарнамалағаны бос әурешілік пе? Аймақтағы ауқымды жобалардың ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен сол кездері облыс әкімі болған Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, зауыттың жұмысына сәттілік тілегенін де жұртшылық әлі ұмыта қоймады.
Ел экономикасына ауадай қажет, бірақ бірнеше жылдан бері «әне-міне, боп қалды» деумен үзіліп-созылып келе жатырған жоба талай басшының бас ауруы болып тұрғандығын байқадық.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың аяғында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің басқарма төрағасы:
«Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 11 мердігер компаниядан 219 жұмысшы жұмылдырылды. Құрылыс заттарының басым бөлігі жергілікті жерден алынып жатыр. Жұмысшыларға да бар жағдай жасалған. Зауыт толық іске қосылғанда 160 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, шыны зауытының құрылысына бас мердігер ретінде Чайн Триумф Интернешнл Инжиниринг қытайлық трансұлттық компаниясы тартылды. Үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында серіктестік өкілдерінің "StewartEngineers" вице-президенті Волтером Дениэлмен кездесуі өтті. Нәтижесінде, екі тарап ортақ шешімге келді. Қызылорда облысында қуаты жылына 197,1 мың тонна шыны өндіретін зауыт 2020 жылдың шілде айында іске қосылады», - деп хабарлаған Ержан Сағынбаев.