Қызылордада жылуға қосылмаған 40-қа жуық нысан бар

263
Қызылордада барлық нысандарға жылу берілгенімен, кейбір көпқабатты үйлер мен балабақшалар, оқу орындарына  жылу берілмегендігі белгілі болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




"Қызылордажылуэлектрорталығы" мамандары қазан айының 5-ші жұлдызынан бастап қаладағы жылусыз қалған кейбір көпқабатты үйге жылу қосылып жатқанын айтты.  Десек те, жылусыз қалған жұрт электр қондырғыларымен жан бағып отыр. Ал қалада жылу беру маусымының басталғанына бес күннен асты. Суықтан денсаулықтары да сыр бере бастаған сырдың халқы берілген телефон номеріне хабарласа алмай отырғандығын айтуда.
 
Мен Желтоқсан 11 В үйінің тұрғынымын. Жылу әлі жоқ. Үйіміз әлі мұздай. Подъездімізде жылу құбыры жарылып, жаз бойына жөнделмеген болатын. Батарея жылымайды. Жалғыз мен емес, осы үйдің 100 пайызында жылу жоқ, – дейді Желтоқсан көшесі ЖК «Құралай» үйінің тұрғыны Марат Асанов.


 
Тұрғындардың кейбірі электрлі батареямен жылынса, басым бөлігі ас үйдегі пешті қосып амалдап отырғандығын жеткізді.  Олардың айтуынша, плитаны үнемі қосып қою қауіпті. Сондықтан түні бойы ұйықтамай, оны бақылап отыруға мәжбүр.



Негізі, көп қабатты үйдің жылу жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге тұрғындар ай сайын ПИК-ке ақша төлейді. Соған сәйкес, олар өз міндетін орындауы тиіс. Бірақ шын мәнінде, жылу жүйелерін қысқа ешкім дайындамайды дейді тұрғындар. Түйткілдің туындауы да осыдан. Амалы қалмаған пәтер иелерінің қала әкімдігіне арызданудан басқа амалы жоқ.

 Ең қызығы Ақмешіт мөлтек ауданы 17-ші үй тұрғындарының айтуынша, жарылған құбырды қайта қалпына келтіру үшін 15 метр құбыр әкеліп беруімізді талап етіп отыр дейді.



Біз тұрғындар өзіміз өжіремізге түсіп көргенімізді 15 метр емес, 2 метр жердің құбыры ауыстырылуы керектігін көрдік. Ал,  апаттық шақыртудағы қызметкерлер керек жарақтардың барлығы 50 000теңгеге жуықтайтындығын атап өтті. Қанша хабарласып шақырсақ та, айтар жауабы осы,- дейді тұрғындар.








Ал, Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлім өкілдері тұрғындардың талабына
Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеуге міндетті екендігін жеткізе отырып, Ақмешіт мөлтек ауданы #17 тұрғын үйінде жылуға қатысты туындаған ақауларды қалыпқа келтіруге қажетті материалдарды (17 м көлемінде құбыр ауыстыру) тұрғындар өз қаражаты есебінен сатып алған жағдайда, жөндеу жұмыстары үшін "Қызылорда тазалығы" ЖШС тарапынан жұмысшылар бөлінетіндігін хабарлаған.




Жылу маусымы қызылордалықтар үшін қиындықпен басталды. Қаладағы әлеуметтік нысандар 15 қыркүйектен бастап қосылғанымен 40-қа жуық түрлі нысанға әлі күнге дейін жылу берілмей отыр. Олардың қатарында тұрғын үйлер де бар. Салдарынан балабақша мен мектеп оқушылары жаппай ауырып жатқан көрінеді.



Ал, «Қызылордажылуэлектрорталығы» Мкк өкілдері
Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлермен, нысандарды жылуға қосу бойынша барлық жоспарланған жұмыстар, қала әкімінің 2022-2023 жылыту маусымының басталуы туралы 04.10.2022 ж. қаулысына сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күні, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлермен, нысандар кезең-кезеңімен жылудың беріліп жатыр.: «Қызылодажылуэлектрорталығы» МКК бүгінгі таңда жылу берілу температурасы – 58, қайтуы 49С, ал Оңтүстік қазандықтан берілу температурасы – 55  қайтуы 43, Шағын бу қазандықтан берілу температурасы – 55, қайтуы 45. Жалпы 764 - көпқабатты тұрғын үйлерге жылу берілуде. Оның ішкі жылу жүйелері ақауларға байланысты 38 үй қосылмай тұр, - деп хабарлаған болатын.

Ал әлі жылу берілмеген үйлердің тұрғындары коммуналдық мекеменің 8 (7242) 25-01-04 анықтама қызметіне хабарласа алады.