Жылдамдықты 60 шақырымнан асырған көлік иелері 157 мың теңге айыппұл төлейді

1 629

Фото: iStockЖүргізушілерге айыппұлдың жаңа түрі енгізілді. Енді жылдамдықты сағатына 60 шақырым қашықтықтан асырған көлік иелері 157 мың теңге төлейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бір жылдың ішінде заңбұзушылық қайталанса, бұл сома екі есе өседі. Жаңашылдық бойынша камералар арасындағы орташа жылдамдық есептеледі. Яғни бір "Сергектен" екіншісіне дейін белгіленген жылдамдықты асырмау қажет. Жаңа заң бойынша қарсы жолаққа шыққандарға да жаза күшейді.

Бұдан былай аталған жол ережесін бұзған адам 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Егер бұл әрекет жол апатына алып келсе, онда 78 теңге көлемінде айыппұл немесе 9 айға куәліктен айыру қарастырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.