5 жастағы қызын зорлаған әке

1 580

Фото: freepik.comҚұқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында атасынан қорлық көріп жүрген отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Адвокаттың мәліметінше, Алматы облысындағы ауылдардың бірінде әкесі 5 жастағы қызын 7 жасына дейін зорлаған. Оны әйелі көріп қалып, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Өз қызын зорлаған әке 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Бірақ ер адамның әкесі келіні мен немерелерін үйден қуып шыққан. Оның айтуынша, келіні ұлына жалған жала жауып, қаматып жіберген. 

«Біз сондай ауыр жағдайды бастан кештік. Ең сорақысы күйеуімнің қызын зорлағаны болды. Ол сотталды. Бірақ оның әкесі болған жағдайға мені кінәлап отыр. Оның айтуынша, бәрін мен ұйымдастырып, оны жалған жаламен қаматып жіберген екенмін. Енді перзенттерімді еркінен тыс алып кетіп, оларға мені жамандаумен болады. «Аналарың кінәлі, ол баламды қаматты» дейді. Бірақ балалар бәрін анық біліп тұр. Сол үшін атасымен жолыққысы келмейді. Ол балалардың қарсылығына қарамайды», - дейді жәбір көрген қыздың анасы.

Ләззат Рақышева ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мен Бас прокуратурадан осы істі қолға алуды өтінді.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.