"Газ иісі шықса, дабыл қағады": тұрғындарға дабыл қондырғысы тегін таратылды

1 568

Фото: 24.kzЖетісу облысының Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға 2000-ға жуық дабыл қондырғысын тегін таратты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Дабыл қондырғысы әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бірінші кезекте берілді. Түтін шыққан бойда ақылды қондырғы бірден дабыл қағады. Жылыту маусымы басталғалы, өңірде 35 рет өрт болған. "Алайда былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азайды" дейді мамандар.

Өңірде "Өрт қауіпсіздігі" айлығының екінші кезеңі жүріп жатыр. Алғашқысы тамыз бен қыркүйек айының аралығында өткен еді. Төтеншеліктер жер үйлерді аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Пештерді тексеріп, ақау табылса, ескерту береді.

"Департаменттен келіп, дабыл орнатып кетті. Жас балалар болғаннан кейін иісті сезбей қалмас үшін. Өте пайдалы нәрсе екен. Қауіпті газдың иісі шыққан кезде дабыл қағады. Соны орнатып кетті, жақсы болды", - дейді қала тұрғыны Батырбек Қойдисанов.
"Жылыту маусымы басталғалы Жетісу облысында 35 нысан өртенді. Ол былтырғы жылмен қарағанда 10 пайызға кем. Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері қатты отынмен жағатын тұрғын үйлерге рейдтер жүрізіп жатыр", - дейді қалалық ТЖБ аға инженері Жан Дастанұлы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.