Әкесі 15 жасар қызын күштеп 38 жастағы азаматқа тұрмысқа берген
1 535
Қарағанды облысында 15 жастағы қызға үйленген 38 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі
38 жастағы ер адам 15 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
“15 наурызда полицияға арыз түскеннен кейін бірден қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот сараптамалары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған жәбірленушімен психологтар жұмыс істеп жатыр”, – делінген Қарағанды облыстық полиция департаменті хабарламасында.
Оқу-ағарту министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитеті бүгінде жасөспірім туған әкесінің қасында екенін хабарлады.
“Оған психологиялық көмек көрсетілуде және құқықтық қолдау берілетін болады. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл әкесімен байланыста, сондай-ақ ол өгей әкесі мен анасын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп жатыр. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жағдайды өз бақылауында ұстап, баланың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда”, – дейді министрлік мәлімдемесінде.