Алаяқтар сауда үйіне 500 млн теңгеге жуық шығын келтірген

1 514

Фото: Sputnik/ Сергей МамонтовСауда үйінің қызметкері 10 танысымен қылмыстық келісімге келіп, тұрмыстық техниканы төмен бағамен сатып алу үшін жалған промокодтар рәсімдеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық қудалау органы алдын ала сөз байласу арқылы бір жыл бойы әрекет еткен алаяқтар тобын әшкерелеген.

Қылмысқа қатысушылар iPhone ұялы телефондарын, ноутбуктерді, теледидарларды, тоңазытқыштарды және басқа да электроника тауарларын сатып алып, оларды үшінші тұлғаларға сатқан.

"Сауда үйіне келтірілген залал 473,6 млн теңгені құрады. Қылмыстың барлық 10 қатысушысы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптар толық көлемде қанағаттандырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.