Туды құтқару үшін ер адам өртеніп жатқан ғимараттың төбесіне шықты

214

Түркістан облысында мемлекеттік мекеме қызметкері өртеніп жатқан ғимараттың төбесіндегі туды құтқарып алды- деп хабарлайды  Оtyrar.kz.



Жұмыспен қамту орталығының өртеніп жатқан ғимаратынан мемлекеттік туды құтқару сәтін түсірген видео әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.

Ер адам өртеніп жатқан ғимараттың төбесіне шықты. Өз денсаулығына қауіп төндірген ол мемлекеттік рәмізін ту тұғырынан асығыс алып, жерге лақтырып, оқиға орнынан кетіп қалады.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, видеодағы кейіпкер жұмыспен қамту орталығының қызметкері. Оқиға 17 шілде күні Сайрам ауданы Ақсукент ауылында болған. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 29 өрт сөндіруші мен сегіз полиция қызметкері шықты.

«Жұмыспен қамту орталық ғимаратының бірінші қабатты мен «Светофор» дүкенінің шатыры 413 шаршы метр аумақта өрт шықты. Сағат 14.31-де өрт оқшауланып, 16.15-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.