Екі адамды 400 мың теңгеге сатқан қылмыскер ұсталды

1 571

u-f.ruАдам саудасымен айналысатын қылмыскер оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ш. есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды. 

"Атап айтқанда, бұл азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды", - деп хабарлады прокуратурадан. 

Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.