Көлік министрлігі 2025 жылдан бастап жүк көліктеріне ортақ жолдарда жүруге тыйым салуды қарастырмақ

1 270

Фото: Pixabay.comКөлік министрлігі жүк көліктерінің қалаларда жүруіне тыйымның қашан салынатындығын атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Өзге елдерде карьерлік жүк көліктеріне жалпыға ортақ автожолдарда жүруіне тыйым салынған. Ал Қазақстанның көлік министрлігі мұндай шектеулерді 2023 жылдан бастап іске қосқысы келгенімен, нарық қатысушылары аз да болса, уақыт беруді сұраған болатын. 

Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстанның 2022 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен "Автомобиль көлігі туралы" заңы жаңа 38-2-бабымен толықтырылған.

“Осыған сай, жүк көлігінің рұқсат етілген ең жоғары массасы Қазақстан заңнамасында белгіленген автокөлік құралының жол берілетін жалпы массасынан асатын жүктерді өзі аударғыш автомобильмен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен және елді мекендерінің көшелерімен тасымалдауға жол берілмейді. Аталған тыйым 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі”, 


“Қазір министрліктің бастамасы бойынша, автомобиль жолдарының уақытынан бұрын тозуының алдын алу және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, үкіметте жоғарыда аталған тыйымның қолданысқа енгізу мерзімін 2025 жылға ауыстыру туралы мәселе қаралып жатыр. Егер бастама қолдау тапса, "Автомобиль көлігі туралы" заңға тиісті өзгертулер енгізіледі. Жүк көлігінің рұқсат етілген ең жоғары массасы Қазақстан заңнамасында белгіленген автокөлік құралының жол берілетін жалпы массасынан асатын жүктерді өзі аударғыш автомобильмен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен және елді мекендерінің көшелерімен тасымалдауға жол берілмейді. Аталған тыйым 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Өзі аударғыш автомобильдермен жүк тасымалдауға тыйым салуды енгізу мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтарға ауысқан жоқ”, – деп хабарлады министрлік. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.