Семейде 17 жастағы жоғалған қыздың денесін 450 адам іздесе де табылмай жатыр
425
Семейде 450 адам жабылып, кәмелет толмаған қыздың денесін таппай жатыр- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, қала тұрғыны кәмелетке толмаған қызының жоғалғанын хабарлаған. Жасөспірім 13 қарашада үйінен шығып, қайта оралмапты.Полиция департаменті шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. 19 жастағы жігіт күдікті ретінде ұсталған. Ол қызды өлтіргенін мойындады.
“Кінәлі адам анықталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілді. Аталған дерек бойынша ҚК 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы ("кәмелетке толмаған адамды қасақана өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, —деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қыздың денесі әлі табылған жоқ. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері, сарбаздар мен төтеншеліктерден және еріктілерден құралған 450 адам іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.