Мектеп оқушысы мен колледж студенті өз-өздеріне қол жұмсады

212

Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірім суйцид жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Мұны облыстық білім басқармасы растады.


YK-news.kz мәліметінше, Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған.


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбектің кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растады. Олар студент және 6-сынып оқушысы.


"Оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған, бұл суицид пе, жоқ па - оны полиция анықтайды", - деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.