TikTok арқылы терроризмді насихаттаған ер адам сотталды

1 512

Фото: SputnikАбай облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

"Айыпталушы "TikTok" әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған", - деп жазылған бас прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бас прокуратура Қазақстанда "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, тыйым салынғанын ескертті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.