7 жасар ерекше баланың денесі өзеннен табылды

1 505

Фото: Zakon.kzТалдықорғанда жоғалып кеткен ерекше күтімді қажет ететін баланың денесі табылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 25- ші мамыр күні сағат 19:50-де «102» арнасына 2019 жылы туған кәмелетке толмаған Данияр Айбектің жоғалғаны туралы хабарлама түскен. 

Шамамен сағат 19:30-да бала үйден шығып кетіп, содан бері оның қайда екені белгісіз болған.

Шығыс шағын ауданында жедел түрде ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылған.

Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет, ТЖД бөлімшелері мен еріктілер жұмылдырылған. Аулалар мен жақын аумақтар, Қаратал өзенінің бойы және бос жатқан жерлер тексерілген. Тіпті тепловизоры бар дрон да қолданылған.

26- шы мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында баланың денесі табылған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде», - делінген полиция хабарламасында.