Әйел балаларын сериалға түсіремін деп алаяққа 600 мың теңге берген

1 518

Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қала тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, белгісіз адамның тарапынан алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын және ақшасынан айырылғанын айтып арызданған. Тергеу барысында әйел WhatsApp мессенджерінің чатынан ер адам белгілі бір сомадағы ақшаға телехикаяда роль ұсынғаны туралы хабарландыруын көрген. Оның уәделеріне қызығып, әйел оған 600 мың теңге жіберіп, балалары кинода роль алады деп үміттенген. Бірақ күдіктінің уәделері екі айға созылып, осы уақыт ішінде ол түрлі сылтау айтқан. Телехикая ролінде ойнауды күте-күте жалыққан әйел полицияға жүгінген.  

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 22 жастағы тұрғынын анықтады. Оның елорда аумағында жасалған алаяқтықтың үш эпизодына қатысы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген полиция хабарында. 


Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өз ісін мойындағаны айтылады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.