Солтүстік Қазақстан облысында бала мен оны құтқармақ болған өгей әкесі суға батып кетті

522

Солтүстік Қазақстанда ер адам суға батып бара жатқан өгей ұлын құтқарамын деп, өзі де суға кетті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

"Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылынан 3 шақырым жерде жергілікті тұрғындар Есіл өзеніне батып кеткен 1998 жылы туған ер адамның жансыз денесін судан шығарды. Ер адам 6 жасар өгей ұлын құтқармақ болған. Олар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Құтқарушылар баланың денесін келесі күні тапты", – делінген  облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. 
Сол күні Есіл өзенінде Түркістан облысының 20 жастағы тұрғынын іздестіру жұмыстары жүргізілді.
"Ол 9 шілде күні кешке достарымен бірге өзен жағасында болған, кейін белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Құтқарушылар мәйітті судан шығарып, сот-медициналық сараптамаға жіберді. Өлімнің себебі анықталуда", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.