Су басқан үйден ер адамның денесі табылды
Петропавлдағы Подгора ықшамауданындағы су басқан үйлердің бірінен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
34 жастағы қала тұрғынының жоғалғаны туралы туыстары 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су кірген күні мәлімдеді. Желіде олар ер адамның денесі бір айға жуық уақыттан кейін дәл сол жерден табылғанын жазады.
Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растады.
Мәйітті сүңгуірлер тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.
Қаз
Рус






