Екі жасөспірім отшашудан жарақат алып, ауруханаға түсті

1 540

Фото: t.me/astana_newssТүркістан облысы, Сарығаш ауданында ересектердің қадағалауынсыз пиротехникалық заттарды қолданған екі жасөспірім, жарақат алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, балалар дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. 

“Нәтижесінде балалар әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олардың өміріне қауіп жоқ. Екі жасөспірімге қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Оқу-ағарту министрлігі Балаларды қорғау комитетінің мәліметінше, оқиға жеке үйдің ауласында тыйым салынған пиротехникалық затты қолданған кезде болған. 

“Пиротехникалық заттан зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Оқиға жеке үйдің ауласында тыйым салынған пиротехникалық затты қолдану кезінде болды. Балалар ауруханаға жатқызылды. Оларға қажет көмек көрсетіліп жатыр. Бұл оқиға кәмелет жасына толмаған балалардың бос уақытын қатаң қадағалау керек екенін көрсетеді”, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды сұрады. Пиротехникалық заттар ойыншық емес, оларды қолданғанда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет дейді мамандар. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.