ШҚО-ның 4 ауданында табиғи өрттер өршіп барады

203

Фото: ТЖДТөтенше жағдайлар департаменті Шығыс Қазақстан облысының бөлімшелері Күршім, Тарбағатай, Қатон-қарағай және Алтай аудандарында табиғи өрттермен күресті жалғастыруда. Орманды дала аймағының бес мың гектардан астам жерін өрт жайлады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Күршім ауданының Марқакөл орман шаруашылығында жағдай күрделі,  өрттің аумағы 1 800 га құрайды. 
Тілсіз жаумен күреске 278-ден астам адам жұмылдырылды. Суағар құрылғылары бар үш тікұшақ тартылған.
Алтай ауданындағы Зырян орман шаруашылығының өрт ошақтарын сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды. Мұнда жалын 1400 га жерді қамтыды, оған құтқарушылар 141 тонна су құйды.
Жалынды сөндіруге  Катонқарағай ауданында МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары тартылды, онда өрт 1 900 га аумаққа жайылды.
Тарбағатай ауданындағы Құйған ауылдық округінің аумағында дала өрті сөндірілді. Орман аймағында өрттің таралуы 17,5 га алаңда тоқтатылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.