Адамдар мінген көлік Есіл өзеніне түсіп кеткен
Астана қаласы Сарайшық ауданы Есіл өзенінің арнасына көліктің электрондық жүйесінде ақау пайда болып, суға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізуші мен жолаушы өздігінен көліктен шығып, көлікті судан шығаруға құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келіп жетті. Сүңгуірлер судағы жағдайды зерделеп, кранның көмегімен жеңіл автокөлікті судан алып шықты.
Көлік иесі құтқарушыларға жедел әрі кәсіби көмегі үшін алғысын білдірді.
Қаз
Рус






