4-сыныптың оқушылары жеті жасар балаға сексуалды азғындық жасаған

1 558

Павлодарда 4-сынып оқушылары 2-сынып оқушысына сексуалды сипаттағы азғындық жасаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Істі тексеріп, тергегеннен кейін шенеуніктер ата-аналар мен мұғалімдерді жауапқа тартатынын мәлімдеді. Облыста тексеру жүргізілді.


4-сынып оқушыларының бірі жеті жасар баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, ал құрдасы бәрін телефонға түсіріп алыпты. Кейінірек ата-аналар балалардың анайы ойындар ойнайтынын біліп қалған.


Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның айтуынша, балалардың бәрі бір-бірімен жақсы таныс, жиі бірге ойнайды. Оқиға балалардың біріне қонаққа барғанда болған.


"Баланы зорлау фактісі болған жоқ, бірақ жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу болды", – деді Гладышева.

Тергеу барысында зорлық жасаған да, зәбір көрген баланың да ата-аналары күдікті деп танылады.


"Ата-аналарға қатысты да әкімшілік жауапкершілікке тарту басталды. 4-сынып оқушыларының ата-аналары баланы тәрбиелеумен айналыспағаны үшін, ал 2-сынып оқушысының ата-аналары балаға уақытылы көрсетпеген көмек көрсетпей әрі полицияға жүгінбегені үшін кінәлі деп жауапқа тартылады", – деді Светлана Гладышева.

Павлодарда ата-аналар жоғары сыныптың оқушысы жеті жасар баланы зорлағанын мәлімдеген еді. Алайда зәбір көрмеген баланың анасы оқушыға одан сайны қысым болады деп үнсіз қалған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.