Жалағаш аудан әкімдігі сапалы тұрғын үймен қамтуда

2 138

Фото: tirshilik-tynysy.kz

Жалағаш аудан әкімдігі сапалы тұрғын үймен қамтуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды фактор – сапалы инфрақұрылым, баспанамен қамту маңызды.

Жалағаш ауданында республикалық бюджет және облыстың ішкі қарыздары есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 101 тұрғын үй сатып алуға 1 млрд. 484,6 млн. теңге бөлінді. 

Жыл аяғына дейін жеке кәсіпкерлер арқылы аудан орталығынан салынған үйлер сатып алынып, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға табысталатын болады.

Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалар жыл аяғына дейін толық аяқталатын болады. Сапасы жеке бақылауымда.

Сондай-ақ, елді мекендердегі учаскелік полиция инспекторларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы аудандық бюджеттен 16,8 млн. теңге бөлініп, 5 қызметтік тұрғын үй алынса, биылғы жылы жалпы құны 10,2 млн. теңгеге 3 қызметтік тұрғын үй сатып алынуда.

Әлеуметтік салада да оң серпін бар деп айтуға толық негіз бар.

Халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу басты міндетіміз. Бұл бағытта айқын және нақты жоспар бойынша оң нәтижелерге қол жеткізуге жұмыс жасап келеміз.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құраса, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыз.

2024 жылдың 1 шілдесіне 811 жаңа жұмыс орны ашылды.  

Тек жұмысы тұрақты, жалақысын ай сайын алатын адам болашағына сенімді болады. Сондықтан жұмыссыздық мәселесін азайтуда нәтижелі жұмыс жасау маңызды деп есептеймін. Бар жұмыс орындарын сақтау, жаңасын ашу-қашанда біздің ең негізгі жұмысымыз.

Біз бұл бағытта нақты айқындалған шараларды атқаратын боламыз.