Полиция қызметкері өз әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

1 603

Қостанай облысында полиция қызметкерін өлтірді деген күдікпен әріптесі әрі жұбайы ұсталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесі 1 қараша күні таңертең өз үйінің ауласынан табылған. Оны өлтірді деген күдікке полицейдің жұбайы ілініп отыр. Себебі екеуі ажырасатын уақытты күтіп жүрген. Оның үстіне екеуі де полицияда жұмыс істеген.


"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – делінген хабарламада.


Екі бала анасыз қалды. Қылмыстық істі тергеуді ішкі істер министрлігі өз бақылауына алды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.