Қызылордада ішкі істер департаменті емханасының қызметкері қаза тапты

1 559
Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті емханасының сыртқы жөндеу жұмыстары кезінде мекеме қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті емхана қызметкерінің басына темір құлап, қан жоғалтқан видеосы жарияланды. 
 
Бүгін 2 қарашада  Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата көшесі №3 мекен-жайында орналасқан "Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті емханасы" мекемесінің сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезінде шығып бара жатқан мекеме қызметкерінің басына құрылыс сатысының темірі құлағаны мәлім болды.  Жаралы болған қызметкер ауруханаға жеткізілді. Келіп жеткен дерек көзіне сүйенсек, зардап шегуші ауруханада көз жұмған.


Оқиғаның орын алуына себеп болған жайттар туралы мәлімет әзірге белгісіз.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.