Қызылордалық азамат жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 215 мың теңге сыйақы алды

641

фото: NUR.KZ / Петр КарандашовҚызылорда тұрғыны облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары заңсыз 2 миллион теңгені иемденгені туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ерлан Мақажановтың сөзінше, шенеунік жер телімін алуда көмек көрсеткені үшін жеке тұлғадан 2 миллион теңге талап еткен. 

Лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті туралы тұрғынның мәлімдемесі арқылы жемқорлықтың алдын алдық. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қылмыскер кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Мақажанов. 


2022 жылы аймақта жемқорлық туралы мәлімдегені үшін 10 адам сыйақы алған. Сыйақының жалпы сомасы 2 миллион теңге.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.