Қызылорда әкімі Ғанибек Қазантаевқа өлең жолдары арналды

1 013
Белгілі қаламгер Жеткерген Жүсіп Қызылорда қаласы әкіміне арнап өлең жолдарын жариялады - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.

Фейсбук желісінде   жарияланған жазбада ақынның Қызылорда қаласы әкімі Ғанибек Қазантаевқа деген ащы шындыққа толы ойларын өлең жолымен жеткізгісі келгенін аңғаруға болады.  Қазіргі қала көрінісін суреттеген өлең жолдарын желі қолданушылары қызу талқыға салып  бөлісуде.   Төменде:
 
 
Уа,қала әкімі Ғанибек Қазантаев!
Жатысыңа болайын Қараөзектегі сазандай бір!
Септиктің суын айдап арықтарға
(Тоқмағанбетов 2 үй,Әйтеке би алаң жақта)
Сасыған иіске үймелеген масаң дайын.
Қызылорда түніменен тыншымайды,
Жататын уақыт та тыншу қайғы.
Ырылдаған мотоцикл дауысыменен,
Қаланың болса дағы сұрқы тайды,
Бұ қалаға келгендей өзіңменен ақырзаман?
Көшең тола"бомж"қайыршы пақырларға
Сен отырған бөлмеңнің қарсы алдында,
М.Шоқайдың ескерткіші көгалдан тақыр табан.
Жетім боп құлазып тұр батыр тұлға,
Құлпырған жер жетпейтін алтын Сырға.
"Жатқанға берсе құдай маған бер" деп,
Пенсияңды күтіп Ғанижан жатырсың ба?

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.