6 жасар егіздер ауруханадан шыққан соң көз жұмды

424
Рудныйда 2016 жылы туған егіздер ауруханадан шыққаннан кейін 12 сағаттан соң қайтыс болды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 12 қазанда екі ағайынды бала Рудный ауруханасына жедел жәрдем желісі бойынша түскен. Ауруханаға түскенде әлсіреп, денесі босаңсып, ұйқышылдық мазалайтынын айтып шағымданған. Бөлімшеге орналастырылған. Инфузиялық терапия жүргізілген. Жағдайы жақсарып, анасының талабы бойынша ауруханадан шыққан.

Анасы үлкен баласының үйде қараусыз қалуына байланысты балаларын ауруханадан шығарып алуға мәжбүр болған.


Клиникалық және зертханалық талдама нәтижесі ешқандай ауытқуды көрсетпеді. Ауруханадан шыққан кезде балалардың жағдайы бірқалыпты болған, ойнап жүрген. 13 қазанда таңертең үйіне кеткен. Сол күні, ауруханадан шығарылғаннан кейін арада 12 сағат өткенде қайтыс болған. Анасы үйіне келгенде балаларының денесін тауып алған. Шақыру орнына сағат 21.20-да жеткен жедел жәрдем бригадасы екі баланың да мерт болғанын тіркеді, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.


Өлімнің себебі анықталып жатыр.

Соның ішінде токсикологиялық сараптама тағайындалды. Улы заттармен улану да жоққа шығарылмайды. Қажетті материал жиналып қойған. Токсикологиялық сараптаманың нәтижесі 12-14 күннен кейін белгілі болады, – деп толықтырды баспасөз хатшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.