Қоғамдық көлікте ер адам арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды

1 906

Фото: Мedina_akimatovskayaҚоғамдық көлікте ер адам жас арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде medina_akimatovskaya есімді ару парақшасында қоғамдық автобуста белгісіз ер адам оның сыртқы келбетіне қатысты орынсыз ескерту жасағанын жазды. Ер адамға қыздың мойнындағы татуировкасы ұнамай қалған екен.

Ер адам өз пікірін қатты айтып, қызға тиісе бастаған.

"Мына татуировка ұнамай тұр. Бәрі сенен қорқып кеткен сияқты. Ұят екен, шошып кеттім. Түрің түрмеден шыққан адам сияқты. Кімге керек бұл? Елуге келгенде өкінесің, кейін тәубеңе келесің", – деді ер адам.
"Бұл – менің татуым, жай ғана сурет. Бұл сізге арналмаған. 50 жасқа келгенде сіз бұл өмірде болмауыңыз мүмкін",- деп қайтарды жас ару.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.