Талибан балалар мен қарттарды қалқан ретінде пайдаланды деп айыпталды

333
Өзін уақытша мемлекет басшысы деп жариялаған Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех "Талибан" террористік ұйымының содырларын (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалыс Қазақстанда тыйым салынған) балалар мен қарттарды тірі қалқан ретінде пайдаланды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы саясаткер Twitter-парақшасында мәлімдеді.


"Тәліптер Андараб алқабына азық-түлік пен жанармай өткізбейді. Гуманитарлық жағдай қиын. Мыңдаған әйел мен бала тауға қашып кетті. Соңғы екі күннен бері балалар мен қарттарды ұрлап, оларды қозғалу немесе үйлерді тінту үшін қалқан ретінде пайдаланады", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, елден қашқан Президент Ашраф Ғани жанындағы ішкі істер министрі болған Мохаммад Масуд Андараби адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдарды Андарабтағы содырлар әрекетін тергеуге шақырды.


"Талибанның бейбіт тұрғындарға қатысты зұлымдықтары ақталмайды", - деп жазды ол Twitter-де.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.