Люкс санаттағы қайыршы әйел ұсталды

394
Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында қайыршы әйел қымбат көлік мініп жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Өзін кедей ретінде көрсетіп, мешіттерде қайыр сұрайтын әйелді жергілікті полиция ұстады. Күнделікті қайыр сұрап жүрген әйел қала ішінде люкс санаттағы көлікпен қатынаған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, өзінің байлығын көрсетпеу үшін "қайыршы" әйел көлігін мешіттен алыс жерге тастап, әрі қарай "жұмыс орнына" жаяу жететін болған. Әйелді құрықтау кезінде одан ірі көлемде ақша тәркіленді.

Айта кетелік, Біріккен Араб Әмірліктерінде қайыр сұрауға рұқсат жоқ. Ал садақа бергісі келетіндерге арнайы қайырымдылық қорлары ұйымдастырылаған. Полиция Рамазан айында тәртіпті күшейтін, мешіттерде қайыр сұрап отырған адамдарды қатаң тексереді.