Қарағандыда ер адам 13 жасар қызды бұталардың арасына сүйреп, зорламақ болған

255

Қарағандыда ер адам 13 жастағы қызды бұталардың арасына сүйреп апарып, зорламақ болды, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі  Zakon.kz  сайтына  сілтеме жасап.

баланы зорламақ болды 

24 шілде күні полицияға ер адамнан арыз түсті. Ол кешкі сағат 19:00 шамасында белгісіз біреу оның 13 жасар қызын қолынан ұстап, бұталардың арасына сүйреп, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасамақ болғанын айтты. Бірақ қыз бен басқалардың айқайынан кейін шабуылшы баланы босатып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Аулалардың бірінде жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция күдіктіні ұстады.


Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Осы баптың санкциясына сәйкес шабуыл жасаған адамды жиырма жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде- дейді  Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.