Депутат елдегі «тоқал сыйлау» трендін сынады
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан тойларда еркекке тоқал ретінде екінші әйелді сыйға тарту трендіне құқықтық баға берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазнетте тойларда еркекке тоқал сыйлаған бірнеше видео тараған еді. Ел ішінде осы жайттар қызу талқыланған. Халықтың бірі қолдаса, екінші жағы мұны түсінбейді.
Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте заңгер депутат Абзал Құспанның пікірін сұраған. Ел ішіндегі бұл құбылыс қаншалықты заң шеңберіне сыятынын білгіміз келді.
Абзал Құспан барлық іс-әрекетке жауапкершілік көзделмегенін айтады. Мүмкін емес дейді.
Абзал Құспан қолданыстағы неке және отбасы туралы заңға сәйкес, бұл жағдайларды заңсыз деп есептейді. Яғни, ол заңға сәйкес, Қазақстанда екі әйел алуға рұқсат жоқ. Заңды некеге тек бір ғана әйелді алуға болады. Бірақ бұл үшін заң бойынша ешқандай жауапкершілік көзделмеген. Әкімшілік немесе қылмыстық кодексте ондай жауапкершілік жоқ.