Журналист әйелдердің құқығын қорғау туралы өтініш назарға алынды
190
Билік журналист әйелдердің құқығын қорғауға қатысты өтінішті назарға алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әйел журналистерді қорғау туралы президент атына жолданған хаттың назарға алынғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Журналистер одағы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің атына хат жолдады.
Хатта әйел журналистерге қатысты қудалауға назар аударуды сұрап, құқықтық шешім шығару үшін шара қабылдауды сұраған.
Сондай-ақ 4 қазанда Orda.kz порталы қызметкерлерінің кеңсесі маңында қорқыту-үркіту жазбасы пайда болды. Ал 5 қазан кешке порталдың Алматыдағы кеңсесіне шошқаның басы жіберген. Оның жанына порталдың бас редакторы Гүлнар Бажкенованың фотосын қоса жолдаған.
Сол себепті Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі журналист әйелдерге жасалған қастандық туралы әрбір істі тергеуді ерекше бақылауға алуға тиіс деп санайтынын жазды.
Хатқа «Әділ сөз» халықаралық қоры президенті Тамара Қалеева мен Қазақстан журналистер одағы басқарма төрағасы Сейтқазы Матаев қол қойған.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әйел журналистерді қорғау туралы президент атына жолданған хаттың назарға алынғанын айтты.
Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан журналистер одағының әйел журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды, - деп жазды Руслан Желдібай.
Айта кетейік, бұған дейін «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Журналистер одағы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің атына хат жолдады.
Хатта әйел журналистерге қатысты қудалауға назар аударуды сұрап, құқықтық шешім шығару үшін шара қабылдауды сұраған.
Тамыздан бастап Elmedia YouTube арнасының редакторы Гүлжан Ерғалиева психологиялық шабуылға ұшырады. Белгісіз адамдар оның суретін әртүрлі порно сайттарда жариялады. Жеке және редакция нөміріне қорлайтын және қорқыту мәнді жүздеген хабарлама келді. 23 қарашаға қараған түні редакцияның кеңесіне шабуыл жасалды. Бұл кейінгі екі айдағы төртінші шабуыл. БАҚ кеңсесі орналасқан бизнес орталықтың есігін сындырып кетті. Мұндай вандализмге ғимарат иесі қанша уақыт шыдайтыны белгісіз, салдарынан тәуелсіз басылым далада қалуы мүмкін, - делінген хатта.
Сондай-ақ 4 қазанда Orda.kz порталы қызметкерлерінің кеңсесі маңында қорқыту-үркіту жазбасы пайда болды. Ал 5 қазан кешке порталдың Алматыдағы кеңсесіне шошқаның басы жіберген. Оның жанына порталдың бас редакторы Гүлнар Бажкенованың фотосын қоса жолдаған.
2022 жылдың шілдесінде Атырауда «Дорожный контроль» ақпарат порталының тілшісі Олеся Вертинскаяны ұрып кетті. Содан кейін ол туралы әлеуметтік желіде жеңіл жүрісті әйел екені айтылған хабар тарады. Полиция ұрып-соққан адамды тапты, алайда іс әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Себебі кей сарапшы Олеся Вертинскаяның денсаулығына жеңіл зиян келген деп санайды, - делінген хатта.