Сайлау бюллетеньдеріне «Бәріне қарсымын» деген таңдау жолағы енгізілді

461
Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетеньдеріне «Бәріне қарсымын» деген таңдау жолағын енгізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Құжат мәтінінде, кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау бюллетеньдерінің саны, оның ішінде сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызын қоса, 12 069 990 дананы құрайтыны айтылған.

Сайлаушылардың жалпы саны 11 950 485 адамды құрайды. Дәл осы көрсеткіш сайлау комиссияларына ұсынылған актілерде көрсетілген.

Сонымен қатар, сайлау бюллетенінің мәтіні бекітілді – кандидаттардың аты-жөні әліпби ретімен тізімделген, ақпарат екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде берілген. Бұдан бөлек бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген жол болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.