Қызылорда тұрғыны: «Қала әкімі уәдесін орындамаса, орнын босатсын!»
2 885
Қала әкімі Ғанибек Қазантаев 2021 жылдың мамыр айында «Бәйтерек» мөлтек ауданы тұрғындарына берген уәдесінде тұрмады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан 5 жыл бұрын ашылған 6 мыңнан аса отбасына арналған жаңа аудан тұрғындары «Бәйтеректі» қаламен байланыстырар көпірдің салынуы мен жолдардың жөнделуін қолға алуды талап етіп, арызданбаған жері қалмаған.
Арыз-шағымдарын бір жыл бұрын басты назарға алып, арнайылап барған қала әкімдігі Достық көшесі тұсынан Қызылжарма каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің жоба-сметалық құжаттарын әзірлейтіндігін жеткізген болатын. Алайда, берілген уәде сол көпірдің бойында қалып кетті деген наразы халық бүгінде біздің агенттікке хабарласып араша түсуді сұраған болатын.
Еске сала кетсек, бір жыл бұрын Қызылорда қаласының әкімдігі әлеуметтік желідегі жазбасында:
Бәйтерек ауданының бүгінгі көрінісі адам шошырлықтай, үйлердің үстінен тартылған электр бағаналары мен қолданылмаған кәріз құдықтары одан қалды толық қамтамасыз етілмеген ауыз су мәселесі де мен мұндалап тұр.
Ал, Бәйтеректің бүгіні мен ертеңіне алаңдамаған атқа мінер азаматтарымыздың берген уәдесінің бірін орындамады деген қала тұрғыны, осы орайда:
Алайда, аудан тұрғындарының атынан қол жинап қалалық, облыстық әкімдік пен мәслихаттың табалдырығын тоздырған бәйтеректік Асхаттың ауыз толтырып, айтар шағымы да жетерлік. Тіпті осы ауданның жағдайын жақсарту үшін әкімдікке арнайы сызба жұмыстарын да ұсынғандығын атап өтті. Оның айтуынша, жергілікті биліктің мәселені шешу үшін құлшынысы артып отырғаны шамалы. Қашан барсақ та, қарастырылып жатыр, бәрі кезең бойынша іске асады деп шығарып салуы да үрдіске айналып кетті, дейді ол.
Ал, қойылған сұрақтарға арнайы жауап берген Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Қара жол мен көпірдің машақатын тартқан тұрғындардың сөзіне қарасаңыз, ендігі сенері тек президентке үндерін жеткізу екенін аңғаруға болады. Әкім уәдесінің аяқсыз айтылған жерде қалғанына наразы халықтың жан айқайына құлақ түрер билік өкілдері болса қанекей. Осы тұста халыққа уәдені жаңбырша жаудырған шаһар басшысы өзінің берген уәделерінің орындалуын да басты назарға алса екен дейді тұрғындар.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Жаңа көпір тұрғындардың сұранысын қанағаттандырумен қатар қоғамдық көлік мәселесін де оңтайлы шешуге өз септігін тигізбек. Көпір құрылысы аяқталса тұрғын ауданға қосымша қоғамдық көлік бағытталады. Сонымен қатар Бәйтеректің негізгі 3 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары да жоспарға енгізілгеді», - деген қала әкімі Ғанибек Қазантаев.
Бәйтерек ауданының бүгінгі көрінісі адам шошырлықтай, үйлердің үстінен тартылған электр бағаналары мен қолданылмаған кәріз құдықтары одан қалды толық қамтамасыз етілмеген ауыз су мәселесі де мен мұндалап тұр.
Ал, Бәйтеректің бүгіні мен ертеңіне алаңдамаған атқа мінер азаматтарымыздың берген уәдесінің бірін орындамады деген қала тұрғыны, осы орайда:
«Бәйтеректің тұрғыны болғаныма тура 5 жыл. Бала-шағам үшін қатынау қиын, көшелерде жол, жарық деген жоқ! Берген уәдесін орындамайтын әкімнің бізге қажеті жоқ! Уәдені жаңбырша жаудырып, артынан жоқ болып кететін басшының халық үшін керегі жоқ! Орындата алмай ма, арнайы қадағаласын! Айтылды ма орындасын!»,-деді Сәуле Әбдісаттарова.
Алайда, аудан тұрғындарының атынан қол жинап қалалық, облыстық әкімдік пен мәслихаттың табалдырығын тоздырған бәйтеректік Асхаттың ауыз толтырып, айтар шағымы да жетерлік. Тіпті осы ауданның жағдайын жақсарту үшін әкімдікке арнайы сызба жұмыстарын да ұсынғандығын атап өтті. Оның айтуынша, жергілікті биліктің мәселені шешу үшін құлшынысы артып отырғаны шамалы. Қашан барсақ та, қарастырылып жатыр, бәрі кезең бойынша іске асады деп шығарып салуы да үрдіске айналып кетті, дейді ол.
«Төте жолдан көпір салып берсе дейміз. Көлік түгілі адам баласы жүріп отыруымыз қиындап отыр. Әкім ауысса да нәтиже жоқ. Берілген уәденің орындалмауына байланысты, әкімдік жұмысының салғырттығына министрліктен көмек сұраймыз. Көшелер жарықтан жұрдай, ал қалалықтар қоқыстарын әкеліп төгуі де азаймай отыр. Бәйтерек тұрғындарын алаңсыз ұмыт қалдырғандай-ақ. Зиянын шегіп отырған қара халық. Билік басындағылар келіп бой көрсеткен емес»,- деді ашынған тұрғын Асхат Байымбетов.
Ал, қойылған сұрақтарға арнайы жауап берген Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
«Бәйтерек тұрғын ауданына көпір салу мақсатында 2021 жылы қалалық бюджеттен 16,4 млн. теңге бөлініп, «АлматыДорПрект» ЖШС-мен келісі шарт жасалып, жоба сметалық құны әзірленді. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін ұсынылды. Осыған орай, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы сұралатын болады.» - деді Бауыржан Оспанов.