13 жасар қызды алты жыл бойы зорлап келген ағасы өмір бойына сотталды

1 818

Фото: freepik.comЖамбыл облысында туыстары тарапынан алты жыл бойы жыныстық зорлық көрген 13 жастағы қызға қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Қыздың екі ағасы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оларға тиісті жаза тағайындалды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алты жасынан бастап қызды туған әкесінің ағалары жылдар бойы зорлап келген. Біреуі 35, екіншісі 37 жаста. Шындық оқушы жүкті болғаннан кейін бір-ақ ашылған. Алайда жүкті кезінде де ол мектепке барып жүрген, алайда ұстаздар оның жағдайын байқамаған. Қыз 13 жасында ана атанды.

Ал оны зорлаған екі азамат та 13 жасар қызды зорлағаны үшін колонияға жіберілді. Олар Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "кәмелетке толмаған кішкентай баланы зорлау" бойынша кінәлі деп танылды. Біреуі өмір бойы, екіншісі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.