"Коррупция біздің елімізге керек" - шенеунік
Желіде билік басындағы шенеуніктің коррупция туралы айтқан бейнежазбасы тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада "Коррупция біздің елімізге керек" деп нақты айтылған. Елдегі әрбір істе коррупция бар. Ол балабақшадан бастап, жұмыс орнына дейін екенін айтты.
"Коррупцияны елімізден толығымен жоюға болмайды. Коррупция былайша келгенде оны мойындау керек біздің елімізге керек нәрсе. Себебі, парақорлықты толығымен алып тастайтын болсақ талапкерлер оқуға түсе алмайды, түскендері ертең сессиясын тапсыра алмайды, сессияны тапсырып шыққандары ертең жұмысқа кіре алмайды.Жұмысқа кіргені қызметін жоғарылата алмайды деген сияқты. Парақорлықтың бізге қазіргі таңда қатты керек болып тұрған жерлері де бар. Еліміздің әрбір азаматы өз-өзінен сұрақ қойсын парасыз өмір сүре ала ма, сүре алмай ма? Өмірінде пара берген бе, бермеген бе? Адам өз-өзіне өтірік айта алмайдығой. Сол себепті әрі қарай парасыз өмір сүруге дайын ба? Мысалыға, халық дайын емес деп ойлаймын бізде. ГАИ тоқтатады атып шығады да "аға келісейік та" деп шыға келеді. Ауырып қалады да порталға кезекке тұрып ретімен больницаға жату деген жоқ. Бірден таныс іздеп шығады. Садикке де баласын кезексіз өткізу керек. Жақсы мектепке беру керек. Сол себерті халықтың өзі дайын емес, коррупциясыз өмір сүруге",- деп айтты желіде тараған видеода.
Желі қолданушылары бұл видеода айтылған сөзге қатысты түрлі пікір білдіруде.
"Негізі сөзінің жаны бар","осы сөзімен ашып айтып тастады", "сарказм сияқты", "парасыз өмір сүре аламыз, толық дайынбыз", "өзі сол парамен өмір сүретін болып тұр" - деп пікірін жазуда.