Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасағаны айтылуда - көмекшісі жауап берді

512

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз-өзіне қол салды деген ақпарат ғаламторда қызу талқыланып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының көмекшісіне хабарласып, мәселенің анық-қанығын білді.

Айдар Қырықбай Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айтылып жатқан әңгімені расқа да, жоққа да шығармады. Ол экс-министрмен хабарласа алмай отырғанын ғана айтып, қысқа қайырды.

Суицид жасағаны, жасамағанын анық білмеймін. Өзімен хабарласа алмай отырмын,— деді Айдар Қырықбай.

Экспресс К экс-министрдің өзіне де қоңырау шалды. Алайда, оның телефоны сөндірулі тұр.

Әлеуметтік желіде бұған дейін экс-министрдің үйін, оның туыстарының дүние-мүлкін және ол қызмет ететін Ұлттық музейді Антикор тексеріп жатыр деген ақпарат тараған болатын. Онда "Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі" көрмесіне жұмсалған шығындар туралы айтылады. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылдан бері ҚР Ұлттық музейінің директоры қызметінде.