Үйін су басқан тұрғындар біржолғы өтемақыны ала алмай отыр
Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы көмек – әр отбасына 370 мың теңге шамасында және жоғалған мүлкі үшін өтемақы төленеді. Төлемді тек Шет ауданының тұрғындары алады. Қарағанды мен басқа да аудандардағы су басқан үйлердің тұрғындарына өтемақы қарастырылмаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюро арнасына сілтеме жасап.
Қарағандыдағы Космонавтар көшесінің тұрғындары өз өңірлерінде бұрын-соңды су тасқыны болмағанын айтты. Бірақ былтырғы жылы әкімдік ескі арықтың орнына ағын су өткізетін канал салып, тасқын кезінде көшенің жартысы су астында қалған. Тұрғындар олардың шығынын ешкім өтемей ме деп қорқатынын жеткізді.
Шет ауданындағы бар болғаны 4 ауылдың тұрғындары өтемақы алады: Ақсу, Қайрақты, Деріпсәлі және Красная Поляна. 60 үй. Қарағанды, Теміртау, спутиник-қаласы мен Ботақарада ондаған үйге су кіргенімен, олар ресми статистикаға да енбеген.
Әкімдіктердің заңды негізсіз өтемақы үшін бюджеттен ақша алуға құқығы жоқ. Сондықтан жәбірленушілер тек өз күштеріне немесе демеушілерінің ізгі ниетіне сенуі керек.
“Төтенше жағдайды жариялау үшін заңмен белгіленген қауіптер мен тәуекелдерді анықтау қажет. Оларға белгілі бір зиян келтіру, азаматтардың денсаулығына зиян келтіру, тіршілік әрекетін бұзу жатады. Осыған байланысты ағымдағы жағдайларды ескере отырып, Қарағанды қаласында төтенше жағдай жарияламау туралы шешім қабылданды”, – деп хабарлады Қарағанды әкімдігі.