Жұмыспен қамту орталығындағыларға айлық жұмыс тапқан адам санына қарай беріледі

253
Елімізде жұмыспен қамту орталықтарының мамандарына айлық төлеу тәртібі өзгереді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
 
Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жұмысқа орналасқан адам санына тікелей байланысты болмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.


Министр өз баяндамасында халықты жұмыспен қамту шаралары мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының алдағы трансформациясы туралы айтты. 


"Өңірлер деңгейінде бэк-офис функциясын еңбек ұтқырлығы орталықтары атқарады. Аудандар мен қалалар деңгейінде фронт-офистер мансаптық орталықтарға айналдырылған жұмыспен қамту орталықтары болады. Орталықтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер белгіленеді. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жұмысқа орналастырылғандардың санына тікелей байланысты болады. Трансформацияны пилоттық сынақтан өткізу биыл еліміздің 3 өңірінде басталады. Олар Астана, Қарағанды және Түркістан облыстары",— деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.


 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.