Полиция қызметкерлері көліктерге бөлінген 100 млн теңгенің жанармай талондарын жымқырған

251
Ақмола облысында полиция подполковнигі мен полиция капитаны 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Бұл туралы облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Биылғы жылғы қаңтардың 30-да Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Мақсат Жаманбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, олардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Аталған адамдар қызметтік автокөлік құралдарын толтыру үшін бөлінген 100 млн теңге сомасында жанар-жағанмай талондарын алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.