Әкімдік қызметкерінің денесі табылды

1 157
Ақтөбеде 46 жастағы облыс әкімдігі қызметкерін такси жүргізушісі өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.



Жанна Мұратқалиеваның жоғалып кеткенін айтып жақындары осыдан үш күн бұрын іздеу жариялаған. Кейін ол отырған көліктің иесі ұсталды. Мәдениет басқармасы бас маманының мәйіті сол көліктен табылған. 29 жастағы күдікті оны аяусыз ұрып-соғып, пышақтапты. Қазір ол қамауда отыр. Ал мұндай жауыздыққа неліктен барғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар. Жоғалған әйелдің мәйіті табылды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, кісі өлтіру бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды, - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.