Қостанайда жеті жасар қыз үйінде өрттен ажал құшты

374

Қостанай қаласында пәтерден өрт шығып, жеті жасар қыз бала көз жұмды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Өрт туралы хабарлама құтқарушыларға 24 қараша күні сағат 17:20-да келіп түскен. Ал сағат 17:34-те өрт сөндірушілер оқиға орынына келді. Алты пәтерлі кірпіш үйдің қабырғасы мен төбе жағы өртене бастаған. Өрт 50 шаршы метр алаңды шарпыды. Өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялап, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

"Қалалық ауруханаға 1977 жылы туған пәтердің иесі III дәрежелі термиялық күйікпен 80-88% дене, бас, жоғарғы мойын және тыныс алу жолдарымен жансақтау бөліміне ауыр жағдайда түсті", - деп хабарлады Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті.
 
Қазіргі таңда, 80-88% күйікпен ауруханаға жеткізілген анасының халі нашар, ал оның 1975 жылы туған жұбайы I дәрежелі термиялық күйік алған. II-III дәрежелі күйік шалған екі қолын тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Ал зардап шеккендердің жеті жасар қызы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Өрт сөндіру барысында көрші пәтерден тағы бір бала құтқарылып, қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты.